Раймундо Бибьяни Орси (; 2 желтоқсан 1901, Авельянеда — 6 сәуір 1986, Сантьяго) — аргентиналық және италиялық футболшы, шабуылшы. 1934 жылғы әлем чемпионы.

Карьерасы Карьерасын тарихи отанында бастап, «Индепендьенте» (1920—1928; 1935) командасында ұзақ уақыт ойнады. Бірақ Еуропаға келген соң ғана әлемге танылды, әсіресе "Ювентуста" ойнаған жылдары көптеген табыстарға қол жеткізді. 1928-35 жылдар аралығында туриндік клубта доп теуіп, қатарынан бес жыл Италия чемпионы атанды (1931-35).

Аргентина құрамасында 1924 жылы 11 тамыз күні Уругвайға қарсы ойында тұңғыш ойынын өткізді. Үш жылдан соң Аргентина сапында Америка кубогын ұтып алды.

Ол кезде бір футболшының бірнеше құрамада ойнауына рұқсат берілгендіктен, 1929-35 жылдар аралығында Италия сапында ойнап, 1934 жылы әлем чемпионы атанды.

1935 жылы Аргентинаға оралды да, туған клубы "Индепендьентеде" ойнай бастады. Бір жылдан соң Аргентина құрамасында бір кездесу өткізді.

Карьерасының соңғы жылдарында Уругвай, Бразилия клубтарында ойнап, 1940 жылы футболмен қоштасты.

1986 жылы 84 жасында өмірден өтті.

Жетістіктері

Командалық

Аргетина чемпионы (2): 1922, 1926 Америка кубогы: 1927 Орталық Еуропа чемпионы: 1930, 1935 Италия чемпионы: 1931, 1932, 1933, 1934, 1935 Әлем чемпионы: 1934 Чемпион Уругвая: 1938 Рио-де-Жанейро штатының чемпионы: 1939

Сілтемелер Ұлттық құрамадағы матчтары Профилі Профилі fanat.com.ua сайтындағы мақала elmundorojo.com.ar сайтындағы мақала postadelgufo.it сайтындағы мақала storiedicalcio.altervista.org сайтындағы мақала blogspot.com сайтындағы мақала

Санат:2 желтоқсанда туғандар Санат:6 сәуірде қайтыс болғандар Санат:Аргентина футболшылары Санат:Италия футболшылары Санат:Индепендьенте ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Бока Хуниорс ФК ойыншылары Санат:Пеньяроль ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары