1982 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуіне қатысуға 109 құрама ұсыныс жасады. Соның 107-сі турнирге қатысып, барлығы 22 жолдаманы сарапқа салды. Аргентина (әлем чемпионы ретінде) мен Испания (ұйымдастырушы ретінде) тікелей жолдама алды.
24 жолдама құрдықтарға былайша бөлінді. ЕУРОПА - 33 құрама (Израильді қосқанда) 13 жолдаманы (Испанияға тиесілі жолдамадан бөлек) сарапқа салды. ОҢТҮСТІК АМЕРИКА - 9 құрама 3 жолдаманы (Аргентинаға тиесілі жолдамадан бөлек) сарапқа салды. СОЛТҮСТІК АМЕРИКА - 15 құрама 2 жолдаманы сарапқа салды. АФРИКА - 29 құрама 2 жолдаманы сарапқа салды. АЗИЯ мен МҰХИТТЫҚ АРАЛДАР - 21 құрама екі жолдаманы сарапқа салды. Еуропа Жолдама алғандар
ГФР Аустрия Польша Италия Мажарстан Бельгия Англия Франция Чехословакия Югославия Солтүстік Ирландия КСРО Шотландия
Оңтүстік Америка Жолдама алғандар
Бразилия Перу Чили
Солтүстік Америка Жолдама алғандар
Гондурас Сальвадор
Африка Жолдама алғандар
Алжир Камерун
Азия және Мұхиттық аралдар Жолдама алғандар
Кувейт Жаңа Зеландия
Санат:Футболдан 1982 жылғы әлем біріншілігі