Рузаевка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Рузаев ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 4714 адам (2267 ер адам және 2447 әйел адам) болса, 2009 жылы 4420 адамды (2079 ер адам және 2341 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1921 жылы қаланған. 1930—97 жылдары Көкшетау облысының өзімен аттас ауданының орталығы болып келді. 1959 жылдан бастап ғ12 кәсіптік-техникалық мектеп, 1968 жылдан бастап аудандық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасы, 1982 жылдан аудандық тұтынушылар одағының қосалқы шаруалығы орналасты. Рузаевкада бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелердің негізінде астық және мал өсірумен айналысатын ЖШС-тер құрылды. Олардан басқа мұнда электр стансасы, май зауыты, диірмен, машина-трактор жөндеу шеберханасы, байланыс бөлімшесі, сауда орындары, т.б. бар.

Дереккөздер

Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы елді мекендері