Мауро Херман Каморанези Серра (; 4 қазан 1976 жыл, Тандиль, Аргентина) — аргентиналық және италиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Италия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Мансабы Аргентинаның Буэнос-Айрес провинциясындағы Тандиль елді мекенінде дүниеге келген. Арғы тегі Италиядан ауып барған апениндіктер. Еруопа жұртшылығына "Ювентуста" ойнаған жылдарымен жақсы таныс.

2003 жылы "Ювентус" сапында ойнап жүргенде Италия құрамасының бапкері Джованни Трапаттони құрамаға шақырады. Ал оған дейін Аргентина құрамасы тарапынан ешқандай ұмыныс түспеген екен.

2006 жылы әлем чемпионы атанды. Бір қызығы, "чемпион атансам шашымды кесіп тастаймын" деген Мауро финалдық ойыннан соң шынымен ұзын шашын кесіп тастапты.

2014 жылы Аргентинаның "Расинг" клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтадыhttp://sport.rbc.ru/news/210886/. 2014-17 жылдар аралығында үш клубты жаттықтырды, оның екеуі мексикалық команда.

Жетістіктері

Командалық

«Ювентус»

Италия чемпионы (3): 2002/03, 2004/05, 2005/06 В сериясы жеңімпазы (1): 2006/07 Италия суперкубогы (2): 2002, 2003

Италия чемпионы

Әлем чемпионы: 2006

Қатысқан турнирлері

Еуропа чемпионаты - 2004, 2008 Әлем чемпионаты - 2006, 2010 Конфедерациялар кубогы - 2009 Дереккөздер

Сілтемелер Биографиясы, карьерасы Санат:Аргентина футболшылары Санат:Италия футболшылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Монтевидео Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Крус Асуль ФК ойыншылары Санат:Эллас Верона ФК ойыншылары Санат:Расинг Авельянеда ФК ойыншылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Табор ФК жаттықтырушылары Санат:Тигре ФК жаттықтырушылары Санат:Марибор ФК жаттықтырушылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары