Пауль Брайтнер (; 5 қыркүйек 1951, Кольбермор, ГФР) — германиялық (ГФР-лік) футболшы, қорғаушы.

Футболшы жайлы мәліметтер 1974 жылғы әлем чемпионы. 1972 жылғы Еуропа чемпионы. ГФР ұлттық футбол құрамасында доп тепкен.

Қазір Германия телеарналарында спорт журналисі ретінде жұмыс істейді.

1974 жылғы әлем чемпионатының финалында пенальтиден Нидерланд қақпасына гол соғып есепті теңестірді (кейін ГФР 2:1 есебімен жеңіске жетті). Брайтнер сегіз жылдан соң да ӘЧ финалында гол соқты. Бірақ бұл жолы немістер Италиядан 1:3 есебімен ұтылып қалды.

Карьерасында "Бавария", "Реал" секілді белді клубтарда доп тепті. 2004 жылы ФИФА-ның жүз жылдығына орай Пеле анықтаған үздік 125 футболшының қатарына енді.

Жетістіктері

Клубтық

Бавария

ГФР чемпионы: 1972, 1973, 1974, 1980, 1981 ГФР кубогы: 1971, 1982 Чемпиондар кубогы: 1974

Реал Мадрид

Испания чемпионы: 1975, 1976 Испания кубогы: 1975

ГФР құрамасы

Еуропа чемпионы: 1972 Әлем чемпионы: 1974 Әлем чемпионатының финалисі: 1982

Жеке

ГФР-дің үздік футболшысы: 1981 Әлем чемпионаттарының екі финалында гол соққан бірінші футболшы (1974, 1982). ФИФА-100 тізіміне енген.

Қатысқан турнирлері

1972 - Еуропа чемпионаты 1974 - Әлем чемпионаты 1982 - Әлем чемпионаты

Сілтемелер http://www.fussballdaten.de/spieler/breitnerpaul/ http://german.imdb.com/name/nm0107000/

Санат:Германия футболшылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Айнтрахт Брауншвейг ФК ойыншылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары