Желтау – Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі қырат.
Географиялық орны Қарағанды, Павлодар облыстарының шекарасында ендік бағытта жатқан ұзындығы 25-30 км, ені 5-8 км. Абсолюттік биіктігі 940 м.
Геологиялық құрылымы Төменгі девонның эффузивтерінен (пирокласт, құмтас, конгломерат) түзілген.
Жер бедері Сай-жыралармен қатты тілімденген оңтүстік беткейі көлбеу. Солтүстік кішігірім көлдерге тіреледі. Таудың батыс жағынан Қарқаралы — Баянауыл автомобиль жолы өтеді.
Өсімдігі Беткейлерінде бетеге, селеу, сай-жыраларда қараған, итмұрын, тобылғы өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы, 3 том
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы таулары Санат:Қарқаралы ауданы таулары