Дирсеу Жозе Гимараинш (; 15 маусым 1952, Куритиба — 15 қыркүйек 1995, Рио-де-Жанейро) — Дирсеу ретінде танымал бразилиялық футболшы, шабуылшы.
Биографиясы Клубты өте көп ауыстырған футболшы, сол себепті де оны "сыған" деп атаған. 1995 жылы әуе апатынан көз жұмғанша футболмен қоштаспады. Карьерасында Испанияның, Бразилияның, Италияның, Мексиканың, АҚШ-тың клубтарында ойнады.
1978 жылғы әлем біріншілігінің екінші кезеңінде Перудің қақпасына екі гол енгізді, үшінші орын үшін кездесуде Италияның қақпасына жеңіс добын енгізді. Бұл ойында Бразилия 2:1 есебімен жеңіске жетті.
1991-93 жылдары мини-футболда да бақ сынады.
1993 жылы 41 жасында карьрерасына нүкте қойды, бірақ 1995 қайтадан жаңғыртып, Мексиканың "Венадос Ютакан" клубында доп тепті.
Жетістіктері
Клубтық:
Парана штатының чемпионы: 1971, 1972 Рио-де-Жанейро штатының чемпионы: 1976, 1977, 1988 Винья-дель-Мар кубогының иегері: 1976
Ұлттық құрама:
Әлем чемпионатына қатысушы: 1974, 1978, 1982 Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1978
Сілтемелер Профиль («Torcida.com.ru»)
Санат:Ботафого ФК ойыншылары Санат:Эллас Верона ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Асколи ФК ойыншылары Санат:Васко да Гама ФК ойыншылары Санат:Анкараспор ФК ойыншылары Санат:Бразилия футболшылары