Джесси Эллис Лингард (; 15 желтоқсан 1992 жылТransfermarkt.com, Уоррингтон) — ағылшын футболшысы, "Манчестер Юнайтед" клубы мен Англия Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы.

Мансабы Клубтық 2000 жылы сегіз жасында "Манчестер Юнайтедтің" академиясына қабылданды. 2011 жылы негізгі құрамда ойнауды бастады.

2012 жылы тәжірибе жинау үшін "Лестерге" ауысты. 2013 жылы жазда манчестерлік клубқа қайта оралды. Бірақ тағы да чемпионшипте ойнайтын "Бирмингем Ситиге" арендаға кетті. 2014 жылы ақпанда "Брайтонға" жалға берілді.

2014 жылы жазда "Манчестерге" оралған Лингард 16 тамызда тұңғыш ресми ойынын "Суонси Ситиге" қарсы өткізді. Бірақ 24 минутта жарақат алды да, сол кеткеннен 2015 жылы ақпанда бір-ақ алаңға шықты.Жарақаты жазылған соң "Дерби Каунтиге" жалға берілді.

2015 жылы жазда командаға төртінші рет қайта оралды. Луи Ван Гал бапкер боп келген соң Лингаард алаңға жиі шыға бастады. 2015 жылы 7 қарашада Премьер лигадағы тұңғыш голын "Вест Бромвич" қақпасына соқты.

2021 жылы 29 қаңтарда "Вест Хэм Юнайтедке" маусым соңына дейін жалға берілді. 3 ақпанда жаңа клубы сапындағы тұңғыш ойынын "Астон Виллаға" қарсы өткізіп, екі гол соқты.

Ұлттық құрама Ұлттық құрамаға алғаш рет 2015 жылы шақырылды. 2016 жылы 16 қарашада Мальтамен өткен жолдастық кездесуде тұңғыш рет алаңға шықты.

2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Құрамадағы бірінші голын 2018 жылы 23 наурызда Нидерландының қақпасына соқты. Екінші голын 2018 жылғы әлем біріншілігінің екінші турында Панаманың қақпасына енгізді. Бұл ойында Англия 6:1 есебімен жеңіске жетті.

2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне қатысты.

Жетістіктері «Манчестер Юнайтед»-2

Англия жастар кубогы: 2010/2011

Манчестер Юнайтед

Англия кубогы: 2015/16 Футбол Лигасы кубогы: 2016/17 Англия суперкубогы: 2016 УЕФА еуропа Лигасы: 2016/17

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі

Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бирмингем Сити ФК ойыншылары Санат:Лестер Сити ФК ойыншылары Санат:Брайтон энд Хоув Альбион ФК ойыншылары Санат:Дерби Каунти ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары