Рудольф Фёллер (, 13 сәуір 1960, Ханау, Гессен, Германия), Руди Фёллер () ретінде танымал — германиялық футболшы, бапкер. Шабуыл шебінде ойнаған. 1990 жылғы әлем чемпионы.
Мансабы Алғаш рет 1986 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Топтық турнирде Шотландияның қақпасына гол соқты. Осы голдың көмегімен ГФР құрамасы чемпионаттағы алғашқы жеңісін тойлады. Жартылай финалда Францияның қақпасына да бір доп енгізді. Бұл ойында немістер 2:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты. Феллер финалда да гол соғып, есепті теңестірді, бірақ құрама 2:3 есебімен ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Алайда төрт жылдан соң ГФР құрамасы одан да жақсы ойнап, әлем чемпионы атанды. Феллер топтық турнирде Югославияның қақпасына бір доп енгізді, сосын БАӘ құрамасымен матчта дубль жасады.
Феллер 1994 жылғы әлем чемпионатына да барды. 1/8 финалда Бельгияның қақпасына екі гол енгізді. Бұл құрама сапындағы ең соңғы голдары еді. Құрама сапында 90 ойын өткізіп, 47 гол соққан.
Кейін ұлттық құраманың тізгінін ұстап, 2002 жылғы әлем біріншілігінде финалда 0:2 есебімен ұтылып қалды.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
Командалық
Әлем чемпионы: 1990 Әлем чемпионатының финалисі: 1986 Италия кубогы: 1990/91 УЕФА Чемпиондар Кубогы: 1992/93
Жеке ГФР-дегі жыл футболшысы: 1983 Бундеслиганың үздік мергені: 1983
Бапкер ретінде
ӘЧ-2002 финалисі
Сілтемелер
«Байер» Леверкузен ФК сайтында
Санат:Германия футболшылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Мюнхен-1860 ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Вердер ФК ойыншылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Байер 04 ФК жаттықтырушылары Санат:Рома ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары