Хельмут Ран (; 16 тамыз 1929, Эссен — 14 тамыз 2003, сонда) — неміс футболшысы. ГФР құрамасының шабуыл шебінде ойнаған.

Мансабы

Карьерасын "Альтенесен" клубында бастап, өмірінің сегіз жылы сонда өтті. Ал кәсіпқой карьерасында тоғыз жыл бойы "Рот-Вайсс-Эссен" клубында доп тепті. Осы аралықта 100-ден аса гол соқты. 1955 жылы мемлекет чемпионатында топ жарды. Ал Ран үшін ең табысты жыл 1954 жыл. Сол жылы құрама сапында әлем чемпионы атанды. Сол кездегі ешкімнен жеңілмейтін құрамаға айналған Мажарстанның қақпасына финалда екі гол соқты. Жалпы, екі әлем чемпионатында 10 гол соққан мерген футболшы.

Жетістіктері ГФР чемпионы 1955 ГФР кубогы 1953 ГФР-дың күміс жүлдегері: 1964 Әлем чемпионы: 1954

Ескерткіштер 2003 жылы Зонке Воортманның "Берндегі ғажайып" атты фильмі экранға шықты. Фильмде Хельмут Ран басты қаһарманның бірі ретінде көрсетіледі. Хельмут Ран фильм жарыққа шығардан бірнеше апта бұрын ғана өмірден өтті. Өзінің туған қаласы Эссендегі Георг Мельхелс стадионында Ранға арнап статуя тұрғызылған.

Сілтемелер ӘЧ-54

Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Рот-Вайсс (Эссен) ФК ойыншылары Санат:Кельн ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары