Серхио Бускетс Бургос (; 16 шілде 1988 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/65230, Сабадель, Испания) — испан футболшы, «Интер Майами» клубы мен Испания Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы.

Клубтық мансабы 1990 жылдары "Барселонада" ойнаған Карлес Бускетстің ұлы. "Барселона" клубының түлегі. Бас командада 2008 жылдан бері тұрақты ойнап келеді. 2008 жылы 13 қыркүйекте "Расингке" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. УЕФА Чемпиондар Лигасындағы дебюті де сол жылы болды, 22 қазан күні "Базельмен" ойында тұңғыш рет алаңға шығып, команда сапындағы тұңғыш голын да соқты. Алғашқы маусымда команда сапында 24 матч өткізді.

2014/15 жылғы маусым қарсаңында 16-нөмірден 5-нөмірге ауыстырылды. 2015/16 маусымда клубтың үшінші капитаны боп тағайындалды.

2009 жылы 2 сәуірде ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Бұл ойында Испания құрамасы Түркиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. 2010 жылы Испания әлем чемпионы атанып, Бускетс әлем чемпионатындағы жеті ойында да алаңға шықты.

Кейін 2014, 2018 жылдары әлем чемпионатына, 2012, 2016, 2020 жылдары Еуропа чемпионатына, сондай-ақ 2009, 2013 жылдар Конфедерациялар кубогына қатысты.

Жетістіктері «Барселона» Испания чемпионы (6): 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2012/13, 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19 Испания кубогы (5): 2008/09, 2011/12, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2020/21 Испания суперкубогы (5): 2009, 2010, 2011, 2013, 2016, 2018 Чемпиондар Лигасы (3): 2008/09, 2010/11, 2014/15 Клубтар арасындағы әлем чемпионаты (3): 2009, 2011, 2015

УЕФА Суперкубогы (3): 2009, 2011, 2015

Испания құрамасы Әлем чемпионы: 2010 Еуропа чемпионы: 2012

Жеке өмірі Серхио Бускетс-1990 жылдары Барселона қақпасын қорғаған Карлес Бускетстің ұлы. 2014 жылы Серхио Елена Галерамен қарым-қатынасты бастады, ерлі-зайыптылар 2016 жылы Энцо атты ұл туды. 2018 жылы Левидің ұлы дүниеге келді. Бускетстің сол қолында араб тіліндегі жазба түрінде татуировкасы бар, ол "сен үшін, менің елімдегі өмір" деп аударылады, ол анасының атасына өте жақын болған.

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Интер Майами ФК ойыншылары