Бақтияр Батыржанұлы Зайнутдинов (2 сәуір 1998, Тараз) — қазақстандық футболшы, "Динамо" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы. Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік бомбардир. Қазақстанның ең қымбат футболшысы.

Мансабы Клубтық "Тараз" футбол клубының түлегі. 2017 жылы Қазақстандағы үздік жас футболшы атанды.

2017 жылы 25 қарашада "Астанаға" ауысты. "Астана" сапында Ұлттық чемпионат пен Еурокубоктердегі бірнеше маңызды ойындарда алаңға шықты. Жыл соңында Қазақстандағы "жаңа есім" номинациясына ие болды. 2018 жылы Астана клубымен чемпион атағын алды.

2019 жылы 12 қаңтарда Ресейдің "Ростов" клубына ауысты. "Ростов" сапында 31 рет алаңға шығып 4 гол соққан болатын.

2020 жылы 25 тамызда Мәскеу ЦСКА клубымен 5 жылдық келісім шарт жасасты. 10-тур матчында ЦСКА үшін өзінің алғашқы голын Екатеринбургте "Орал" қақпасына соқты. 2023 жылы Ресей кубогы иегері атанды.

2023 жылы 21 тамызда "Бешикташ" клубына ауысты. Үш күннен соң УЕФА конференциялары лигасында "Динамо Киев" клубына қарсы ойында жаңа командасындағы тұңғыш ойынын өткізді. Екінші таймда алаңға шықты да, 90+5 минутта гол соғып, командасына жеңіс әперді (3:2)https://www.sports.kz/news/zaynutdinov-na95-y-minute-vdebyutnom-matche-prines-pobedu-beshiktashu-nad-kievskim-dinamo-video.

Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапындағы ойынын 2018 жылы 23 наурызда Мажарстан құрамасына қарсы өткізіп, 39-минутта жеңіс голын соқты. Бұл ойында қазақстандықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құрамадағы екінші голын 2018 жылы маусым айында Әзірбайжанға қарсы жолдастық кездесуде соқты (3:0).

2018 жылы УЕФА Ұлттар Лигасындағы алты ойынның бәрінде де алаңға шығып, бір гол соқты (Латвия қақпасына).

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде 3 голдың авторы атанды (Шотландияға екі гол, Сан-Мариноға бір гол).

2020 жылы 4 қыркүйекте УЕФА Ұлттар Лигасының бірінші турында Литваның қақпасына гол соғып, есеп ашты. Бұл кездесуде қазақстандықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

2021 жылы 7 қыркүйекте ӘЧ-2020 іріктеуінде Босния және Герцеговина қақпасына 90+6 минутта гол соғып, құраманы жеңілістен құтқарды (2:2).

2021 жылғы 16 қарашада Тәжікстанмен жолдастық кездесуде матч тағдырын шешкен жалғы голды соқты.

2022 жылы наурыз айында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдова қақпасына гол соқты (2:1). 2022/23 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында Беларусь қақпасына гол соғып, құрамаға жеңіс әперді (2:1). ЕУРО-2024 іріктеуінде Дания мен Сан-Мариноның қақпасына бір-бір голдан соғып, құрама сапындағы голдар санын 12-ге жеткізді.

2023 жылы 17 қазанда Финляндия құрамасына қарсы ойында 2 гол соғып, Қазақстан Ұлттық құрамасының үздік бомбардирі атанды.

Жетістіктері Командалық Астана Қазақстан Суперкубогы: 2018 Қазақстан чемпионы: 2018 ЦСКА Ресей кубогы: 2022/23 Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 2022/23

Жеке Қазақстан чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2018 Қазақстан чемпионатындағы жаңа есім: 2018

Ұлттық құрамадағы матчтары №ДатаМатчГолОйынның мәртебесі123.03.2018 Мажарстан - 3:2ЖО226.03.2018 Болгария - 1:2ЖО305.06.2018 Әзірбайжан - 3:0ЖО406.09.2018 Грузия - 0:2ҰЛ510.09.2018 Андорра - 1:1ҰЛ613.10.2018 Латвия - 1:1ҰЛ716.10.2018 Андорра - 4:0ҰЛ815.11.2018 Латвия - 1:1ҰЛ919.11.2018 Грузия - 1:2ҰЛ1021.03.2019 Шотландия - 3:0ЕЧІ1124.03.2019 Ресей - 0:4ЕЧІ1216.11.2019 Сан-Марино - 3:1ЕЧІ1319.11.2019 Шотландия - 1:3ЕЧІ1404.09.2020 Литва - 2:0ЛН1511.10.2020 Албания - 0:0ҰЛ1614.10.2020 Беларусь - 0:2ҰЛ1701.09.2021 Украина - 2:2ӘЧІ1807.09.2021 Босния және Герцеговина - 2:2ӘЧІ1909.10.2021 Босния және Герцеговина - 0:2ӘЧІ2012.10.2021 Финляндия - 0:2ӘЧІ2116.11.2021 ТәжІкстан - 1:0ЖО2224.03.2022 Молдова - 2:1ҰЛ2329.03.2022 Молдова - 0:1ҰЛ2422.09.2022 Беларусь - 2:1ҰЛ2516.11.2022 Өзбекстан - 0:2ЖО2619.11.2022 БАӘ - 1:2ЖО2723.03.2023 Словения - 1:2ЕЧІ2826.03.2023 Дания - 3:2ЕЧІ2916.06.2023 Сан-Марино - 3:0ЕЧІ3019.06.2023 Солт Ирландия - 1:0ЕЧІБары1230 ОЙЫН

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Барлық статистикалары

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Ростов ФК ойыншылары Санат:ЦСКА Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Бешикташ ФК ойыншылары Санат:Динамо Мәскеу ФК ойыншылары