Марио Манджукич ( 21 мамыр 1986 жыл, Славонски-Брод, Югославия) — хорват футболшысы, шабуылшы. Хорватия ұлттық футбол құрамасы сапында екі Еуропа чемпионатына (2012, 2016) және екі әлем чемпионатына (2014, 2018) қатысты. 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Футболшы мансабы

Футболшы карьерасын Германияның "Дитцинген" командасының сапында бастады. 2005 жылы "Загреб" командасына өтіп, екі жылдай өнер көрсетті. Екі жыл өткен соң загребтік тағы бір клуб — "Динамоның" қатарын толықтырды. Ол "Арсеналға" кетіп қалған Эдуардо да Сильваның орнын басты. 2010 жылы Германияның "Вольфсбург" клубына ауысты да, 2012 жылы "Бавария" сапына ойнай бастады. Бір жыл өткен соң УЕФА Чемпиондар Лигасын ұтып алды. Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен финалдағы "Боруссиямен" ойында Манджукич есеп ашты. Бұл кездесуде "Бавария" 2:1 есебімен ұтты.

2014-15 жылдары Мадридтің "Атлетикосында" ойнап, 28 ойында 12 доп соқты. 2015 жылы "Ювентусқа" ауысты. 2017 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында "Реалға" гол соқты. Оның өзінен асыра теуіп соққан голы маусымның ең үздік голына айналды. Бірақ бұл ойында туриндіктер 1:4 есебімен ұтылып қалды.

Ол — Чемпиондар Лигасының финалында екі түрлі клубта гол соққан тарихтағы тұңғыш хорват футболшысы.

Ұлттық құрама сапында 2007 жылдан бері ойнап келеді. 2012 жылғы Еуропа чемпионатының үздік мергендерінің бірі (үш гол соқты)

Жетістіктер «Динамо (Загреб)» Хорватия чемпионы (3): 2007/08, 2008/09, 2009/10 Хорватия кубогы (2): 2007/08, 2008/09

«Бавария» Германия чемпионы (2): 2012/13, 2013/14 Германия кубогы (2): 2012/13, 2013/14 Германия суперкубогы (1): 2012 УЕФА Чемпиондар Лигасы (1): 2012/13 УЕФА Суперкубогы (1): 2013 Клубтар арасындағы әлем чемпионаты (1): 2013

«Атлетико Мадрид» Испания суперкубогы (1): 2014

«Ювентус» Италия чемпионы (2): 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19 Италия кубогы (2): 2015/16, 2016/17, 2017/18 Италия суперкубогы (1): 2015, 2018 Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Профилі

Санат:Хорватия футболшылары Санат:Динамо Загреб ФК ойыншылары Санат:Вольфсбург ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Әл-Духаиль ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары