Иосиф Леонидович Прут (18 қараша 1900 жыл - 16 шілде 1996 жыл) – драматург, сценарист.
РКФСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (31.10.1983)Иосиф Прут.
Өмірбаяны Париждегі Эколь политекниктің екі курсын бітірген.
Алғашқы драматургиялық тәжірибелерін 1916 жылы бастады.
Азаматтық және Ұлы Отан соғысы қатысушысы. КСРО жазушылар Одағының мүшесі (1934).
1919 жылы Прут әдебиетпен айналыса бастады.
1924-1928 жылдары Прут "Межрабпом-Русь" киностудиясында, 1928-1932 жылдары Ленинград кинофабрикасында жұмыс жасады.
Оның сценарийлері бойынша 28 көркем фильм қойылды. Олардың ішінде “Тринадцать”, “Секретарь райкома”, “Моя любовь” фильмдері бар.
Шығармашылығы Прут пьесаларының басым көпшілігінде социалистік мемлекеттің әскері туралы баяндайды. «Князь Мстислав Удалой» пьесасында (1932 жылы қойылды) Мамонтов бандасымен қоршалған бронепоезд командасының ержүректікпен қайтыс болғаны туралы баяндайды. Бұдан кейін «Я вас люблю» (1935), ағайынды Турлармен бірге жазылған «Восточный батальон» (1935), Астрахань қорғанысына арналған «Год девятнадцатый» («Член Реввоенсовета», 1936), революциялық уақыттар туралы «Дорога на Юг» тарихи хроникасы (1938 жылы қойылды), «Артиллеристы» (1939 жылы қойылды), «Две ночи» (1940), «Тихий океан» (1947 жылы қойылды), Н. Шпановпен бірге жазылған «Западная граница» (1949) пьесалары болды. Пруттың көптеген пьесалары Қызыл Армия театрында қойылды. Басқа жұмыстардан сценарийі ескі театрлық энциклопедиясының «бейбітшілік тақырыбы» формулировкасымен алынған, В. Кожевниковпен бірге жазылған «Судьба Реджинальда Дэвиса» (1947) пьесасын, Астрахань және Петропавловск-Камчатскийда қойылған А. Фадеевтің «Разгром» романының инсценировкасын (1955) және Мәскеу сатира театрына жасалған Ги де Мопассанның «Милый друг» («Господин Дюруа», 1950) пьесасын еске түсіруге болады.
Марапаттары «Жауынгерлік қызметі үшін» медалі (1944). «Құрмет белгісі» ордені (04.12.1970). Халықтар достығы ордені (17.11.1980). 2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені (1985).
Дереккөздер
Санат:РКФСР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Соцреалист-жазушылар Санат:Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар Санат:Ұлы Отан соғысы жаяу әскерлері Санат:КСРО жазушылар одағы мүшелері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Жауынгерлік еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:Алфавит бойынша сценарийшілер Санат:КСРО сценарийшілері Санат:КСРО драматургтері Санат:XX ғасыр драматургтері Санат:XX ғасыр сценарийшілері