Куба Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Кубаның атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган - Куба Футбол Қауымдастығы. КОНКАКАФ және ФИФА мүшесі. Кариб бассейніне қарасты елдердің арасынан алғаш әлем чемпионатына қатысқан құрама.

Тарихы 1938 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде 11-топқа түсті. Бұл топта Кубадан өзге алты құрама бар еді. Кубадан өзгесі ФИФА-ның сол кездегі президенті Жюль Рименің "Әлем чемпионаты екі жарты шарда кезек-кезек өткізіледі" деген уәдесінде тұрмай, екінші рет қатарынан Еуропада ұйымдастырып жатқанына наразы топқа қосылды да, бойкот жариялады. Осылайша Куба өз-өзінен иесіз қалған жолдамаға қол жеткізе салды.

Әлем чемпионатының 1/8 финалында бұларға Румыния тап келді. Қос құрама 5 маусым күнгі матчта 120 минут бойы бір-бірін ала алмай, 3:3 есебімен тең тарқасты. 9 маусым күні қайта ойналып, күтпеген жерде Куба 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ осы 210 минутқа соқылған кескілескен ойын қатты шаршатып, 12 маусым күні Куба құрамасы шведтерге төттеп бере алмады - 0:8. Бұл құраманың өз тарихындағы ең ірі жеңілісі еді.

Футболдан әлем чемпионаты-1938 1/8 финал

1/4 финал

КОНКАКАФ КУБОГЫ-1971 КОНКАКАФ кубогына 8 рет қатысып, 1971 жылы 4-орынға қол жеткізген.

Дереккөздер

Санат:Куба Ұлттық футбол құрамасы