Лаос Ұлттық футбол құрамасы — халыққаралық футбол жарыстарында Лаостың намысын қорғайтын ұлттық құрама. АФК және ФИФА мүшесі. Басқарушы орган - Лаос Футбол Федерациясы (ЛФФ). Ешқашан әлем және құрлық чемпионаттарының финалдық турнирлеріне қатысқан емес.

Үнемі Оңтүстік-Шығыс Азия чемпионатына қатысып отырады. Бірақ ешқашан топтық турнирден асқан емес.

Құрама жайлы мәліметтер Алғашқы ойынын 1961 жылы 12 желтоқсанда Оңтүстік Вьетнам құрамасына қарсы өткізіп, 0:7 есебімен ұтылып қалған. Құраманың қазіргі (ақпан, 2018) бапкері - Майк Вонг Мун Хенг Құрама сапында ең көп гол соққан футбошы - Висай Попуванин (13). Ең соңғы қатысқан турнирі - 2014 жылғы AFC Challenge Cup (Азиядағы деңгейі төмен құрамалар арасындағы турнир) турнирі. Екінші топта Түркіменстан, Ауғанстан, Филиппин құрамаларымен ойнап, бір ұпаймен соңғы орында қалды. Әлем Чемпионаттарында

2002 — іріктеуден өте алмады 2006 — іріктеуден өте алмады 2010 — қатыспады 2014 — іріктеуден өте алмады 2018 — іріктеуден өте алмады Азия кубогында 2000 — іріктеуден өте алмады 2004 — іріктеуден өте алмады 2007 — іріктеуден өте алмады 2011 — іріктеуден өте алмады 2015 — іріктеуден өте алмады 2019 — іріктеуден өте алмады

Соңғы кездесулері МерзіміМатч статусыМатчОрны7 шілде 2017ЖолдастықБАЭ-Лаос-4:0 Шах Алам, Малайзия2 қазан 2017ЖолдастықМакао-Лаос-3:1Макао5 қазан 2017ЖолдастықГонконг-Лаос-4:0Гонконг1 желтоқсан 2017CTFA Халықаралық турнирі Лаос-Филиппиндер-1:3Тайвань3 желтоқсан 2017CTFA Халықаралық турнирі Лаос-Тмиор Лесте-2:1Тайвань5 желтоқсан 2017CTFA Халықаралық турнирі Тайвань-Лаос-2:0Тайвань21 наурыз 2018ЖолдастықЛаос-Камбоджа-0:1 Вьентьян27 наурыз 2018ЖолдастықЛаос-Бангладеш-2:2Вьентьян

Сыртқы сілтемелер Құрама жайлы ФИФА сайтында Құраманың фан-клубы

Санат:Лаос Ұлттық футбол құрамасы Санат:Алфавит бойынша Ұлттық футбол құрамалары