Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы — ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ғылыми-зерттеу мекемесі. 1932 жылы Алматы қаласында құрылған. 1972 жылға дейін Аналар мен сәбилер денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу институты болып 1980 жылдан Алматы мед. институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) балалар хирургиясы кафедрасымен біріктіріліп, қазіргі атымен аталады. 1992 жылы кандидаттық 1993 жылы докторлық жұмыстар жөнінде Диссертациялық Кеңес ашылды.

Орталықтың құрамында 200 орынға есептелген: мерзімінен бұрын және жаңа туған нәрестелер хирургия урология реанимация және интенсивті терапия онкогематология кардиоревматология гастроэнтерология пульмонологиялық консультативті-диагностикалық бөлімдер жұмыс істейді. Сондай-ақ, бірнеше лаборатория бөлімшелер: микробиология, патоморфология, генетика, ағынды цитофлюориметр, полимерлі-тізбекті реакция, биохимиялық анализаторлар, компьютерлік томография, ультрадыбыстық сканир, т.б. бар.

Негізгі ғылым бағыттары: бала ауруы мен мүгедектігінің алдын алу және емдеу әдістерін жасау балалардағы гематология жүрек-қан тамырлары аурулары, бронх-өкпе және гастроэнтерология аурулардың клиникалық-эпидемиялық ерекшеліктерін айқындап, олардың терапия және реабилитация әдістемелерін жасау; балалардың туа және жүре пайда болатын хирургиялық ауруларының емдеу-диагностикалық тәсілдерін қалыптастыру; Арал өңіріндегі балалар денсаулығын зерттеу және оларды емдеу жөнінде ғылым негізделген бағдарламалар жасау. Жетістіктер Ғылыми-техникалық жетістіктері үшін орталық '110 патент' алған. 25 монография шығарып, 70-тен астам әдістемелік ұсыныстар жасады. Орталық “Халықтар достығы” орденімен марапатталған (1983)."Қазақ энциклопедиясы" Тағы қараңыз Педиатрия Дереккөздер</span>

Санат:Медицина