Мысыр Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Мысырдың намысын қорғайтын ұлттық құрама. Басқарушы орган - Египет футбол қауымдастығы. 1934, 1990, 2018 жылдары әлем чемпионатына қатысқан. Африканың жеті дүркін чемпионы (соңғы рет 2010 жылы). Үйдегі ойындарын Каирдегі Халықаралық стадионда өткізеді. ФИФА және КАФ мүшесі.

Тарихы Алғашқы матчын 1920 жылы 28 тамызда Италияға қарсы өткізді - 1:2. Матч Бельгияның Гент қаласында ойналды. Арада сегіз жыл өткен соң Жазғы Олимпиадалық ойындарда құрама үшінші ойын үшін тартыста тағы да Италиямен ойнады. Бұл жолы 3:11 есебімен ойсырай ұтылды.

Әлем чемпионатына алғаш рет 1934 жылы қатысты. Алғашқы раундта Мажарстан құрамасына 2:4 есебімен жол беріп, жарыстан шығып қалды.

1990 жылғы әлем чемпионатында Англия, Нидерланд, Ирландия құрамаларымен бір топқа түсті. Алғашқы матчта сол кездегі Еуропа чемпиондары Нидерланд құрамасымен тең ойнады - 1:1. Мысырлықтар сапынан Магди Абдельгани көзге түсті. Бұл құраманың осы әлем чемпионатындағы жалғыз голы еді. Ирландиямен ойында да тең тарқасты - 0:0. Соңғы турда ғана Англияға кіші есеппен жол берді - 0:1. Египет құрамасы екі ұпай жинады. Бірақ ол 1/8 финалға шығуға жеткіліксіз болды.

Бұдан кейін құрама тек 2018 жылы ғана Ресейде өтетін әлемдік форумға жолдама ала алды. Бірақ осы аралықта бірнеше рет 2006, 2008, 2010 Африка Ұлттары кубогында топ жарды. Ал 2017 жылы аталмыш кубоктың финалына шықты.

Құрамы. ӘЧ-2018 №АтыклубТуған жылы, күніҚақпашылар1Эссам аль-Хадари (к) Аль-Таавун15 қаңтар 197316Шериф Экрами Аль-Ахли (Каир)1 шілде 198323Мохамед эль-Шенави Аль-Ахли (Каир)18 желтоқсан 1988Қорғаушылар2Али Габр Вест Бромвич Альбион10 қаңтар 19893Ахмед аль-Мухаммади Астон Вилла9 қыркүйек 19874Омар Габер Лос-Анджелес30 қаңтар 19926Ахмед Хегази Вест Бромвич Альбион25 қаңтар 19917Ахмед Фатхи Аль-Ахли (Каир)10 қараша 198412Айман Ашраф Аль-Ахли (Каир)9 сәуір 199113Мохаммед Абдель-Шафи Аль-Фатех (Эль-Хаса)1 шілде 198515Махмуд Хамди Замалек1 маусым 199520Саад Самир Аль-Ахли (Каир)1 сәуір 1989Жартылай қорғаушылар5Сэм Морси Уиган Атлетик10 қыркүйек 19918Тарек Хамед Замалек24 қазан 198811Кахраба Аль-Иттихад13 сәуір 199414Рамадан Собхи Сток Сити27 маусым 199717Мохаммед эль-Ненни Арсенал (Лондон)11 шілде 199218Шикабала Аль-Раед5 наурыз 198619Абдаллах Саид КуПС13 шілде 198521Махмуд Хассан Касымпаша1 қазан 199422Амр Варда Атромитос (Афины)17 қыркүйек 1993Шабуылшылар9Марван Мохсен Аль-Ахли (Каир)26 ақпан 198910Мохаммед Салах Ливерпуль15 маусым 1992Бапкер Эктор Купер16 қараша 1955

Құрама жайлы фактілер Африканың жеті дүркін чемпионы - 1957, 1959, 1986, 1998, 2006, 2008, 2010 Көп матч өткізген футболшы - Ахмад Хассан (184) Көп гол соққан футболшы - Хоссам Хассан (68) Бас бапкері - Эктор Купер (Аргентина)

Дереккөздер

Сілтемелер Құрама жайлы ФИФА сайтында

Санат:Мысыр Ұлттық футбол құрамасы