Маржан Өмірзаққызы Арапбаева (1978 жылы 7 ақпанда Шымкентте туған) — Қазақстанның танымал эстрада әншісі, композитор. Халықаралық ән фистивальдерінің жүлдегері. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2017).

Өмірбаяны Балалық шағы Маржан қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол жастайынан әнші ретінде сахнаға шығып, жанкүйерлердің жүрегін жаулап, танымал болуды армандаған. 14 жасында қыз «Әнші балапан» музыкалық байқауына қатысып, сол уақыттан бастап шығармашылық өмірдің құйынына айналды.

Жастық шағы Мектепті бітірген соң, еліміздегі ең беделді жоғары оқу орнының музыка факультетіне оқуға түседі. Оның дауысын мұғалімдері назардан тыс қалдыра алмады. Жақсы оқып, өзінің болашағына сенді. Студенттік өмірден кейін Маржан музыкалық салаға бет бұрды. Өнер көрсетіп, түрлі байқауларға қатысып, таланты үшін марапаттарға ие болды. 2002 жылы әнші «Жас қанат» шарасында және «Азия дауысы» фестивалінде тамаша өнер көрсетті. Оның шығармашылық таланты Қазақстан Президентінің сыйлығымен марапатталды.

Маржан Арапбаеваға нағыз танымалдық 2003 жылы кезекті байқауға қатысқаннан кейін келді. Содан кейін бойжеткен фестивальдердің лауреаты атанып, «Қайырлы кеш, Астана!», «Үшінші ауысым» сынды шоу-бағдарламаларға қатысты.

Маржан Арапбаеваның орындауында "Сәлем саған туған ел", "Соңғы вальс", "Қазақстаным", "Гүл сезім", "Арманыма асығып барамын", "Сол ма?", "Иә, солай", "Сен мықтысын", "Jeteme", "Өкінішті сезім", "Қазақ елі", "Жасасын өмір", "Қыздар мен жігіттер", "Сен едің", "Мазалама", "Сүйемін сені" және т.б көптеген жігерлі әндері халыққа кеңінен танылған.

Шығармашылығы Алғаш рет 1992 жылы, 14 жасында «Әнші балапан» балалар байқауына қатысып сахнаға шықты. 2003 жылдан бастап белсенді гастрольдік қызмет жүргізді. «Үшінші ауысым» және «Қайырлы кеш, Астана!» телебағдарламаларына қатысқан соң даңқы артты. Ең танымал әні — «Арманыма асығып барамын» (YouTube-та 5 миллионнан астам қаралым).

Дуэттері «Қыздар мен жігіттер» — Қайрат Баекеновпен (2013 жылғы бейнеклип). «Гүл сезім» — Еркін Мәуленмен. «Сен едің» — Сәкен Майғазиевпен; әнді олар дуэтпен орындап, ол танымал болды. «Сені сүйем» — Қайрат Нұртаспен (2022 жылғы 22 қараша).

Марапаттары 2002 жылы Республикалық "Жас қанат" конкурсының дипломанты атанып, сол жылдардан бастап елге таныла бастады. 2004 жылы "Жаңа толқын" (новая волна) халықаралық конкурсының 2 орын иегері атанды. 2004 жылы халықаралық "Азия дауысы" ән байқауында Ресейдің халық әртісі Николай Басковпен дуэт орындады. Маржан Арапбаеваға 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР тұңғыш президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.

Дискографиясы Apple Music деректері бойынша 2022—2026 жылдардағы синглдер. Шыққан күні Атауы Ескертпе 2022 жылғы 1 маусым Бәріне кінәлі Махаббат 2022 жылғы 20 шілде Beautiful Life 2022 жылғы 31 қазан Донна Осень 2022 жылғы 22 қараша Сені сүйем Қайрат Нұртаспен бірге 2022 жылғы 30 желтоқсан Жаңа жыл 2024 жылғы 30 сәуір Өмір 2025 жылғы 18 маусым Мереке 2025 жылғы 28 маусым Мама айтшы 2025 жылғы 15 қазан Бар сұлулық әйелде 2026 жылғы 24 сәуір Қасымда қал Khansultan синглінде қатысты 2026 жылғы 27 сәуір Келші бағым Ахметжан Рабжанмен бірге 2026 жылғы 28 шілде Летний сон 2026 жылғы 15 қыркүйек Қыздар мен жігіттер (Oyu Live) Қайрат Баекенов және OYU-мен бірге 2026 жылғы 18 қыркүйек Ғажап Өмір

Дереккөздер