Чехословакия Ұлттық футбол құрамасы — 1920-1993 жылдары Чехословакия мемлекетінің атынан Халықаралық жарыстарда сынға түскен Ұлттық футбол құрамасы.
Тарихы Алғашқы матчын 1920 жылы 28 тамызда Югославияға қарсы өткізді де, 7:0 есебімен қарсылас команданы ұтты. Ал, соңғы кездесуін 1993 жылы 17 қарашада Бельгияға қарсы өткізді. Бұл ойында есеп ашылмады.
Әлем чемпионатына алғаш рет 1934 жылы қатысып, финалда алаң иелері Италиядан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Екніші рет 1962 жылы финалға шықты, бұл жолы 1:3 есебімен Бразилияға жол берді. Бір қызығы, осы екі финалда да чехословактар бірінші боп есеп ашқан-ды.
Әлем чемпионатына соңғы рет 1990 жылы қатысып, ширек финалға дейін жетті. Ширекфиналда болашақ чемпиондар ГФР-ға жол берді — 0:1. Айта кетейік, бұл ГФР-дің де әлем чемпионатына соңғы қатысуы болатын.
Еуропа чемпионаттарына үш рет қатысты, 1976 жылы финалда ГФР құрамасын пенальтилер арқылы ұтып чемпион атанды.
1993 жылы 1 қаңтарда Чехословакия мемлекеті екіге (Чехия және Словакия болып) бөлініп кетті, бірақ құрама жыл соңына дейін халықаралық матчтарға қатсуын жалғастыра берді. Өйткені, ол кезде 1994 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтары жүріп жатыр еді.
'Көпшілік Чехословакияның мұрагерін Чехия құрамасы деп есептейді.
Жетістіктері Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері — 1934, 1962 Еуропа чемпионы — 1976 Екі дүркін Еуропа чемпионаттарының қола жүлдегері — 1960, 1980 Олимпиада чемпионы — 1980 Құрама тарихындағы мергендер
ранг Футболшы Гол Матч % ЖЖ 1. Антонин Пуч 34 60 0,57 1926–1938 2. Зденек Нехода 31 90 0,34 1971–1987 3. Олдржих Неедлы 29 44 0,66 1931–1939 4. Йозеф Синли 28 50 0,561925–1934 5. Адольф Шерер 22 36 0,611958–1964 Франтишек Свобода 22 43 0,511926–1937 7. Марьян Масны 18 75 0,43 1974–1982 8. Антонин Паненка 17 59 0,29 1973–1982 9. Томаш Скухравы 14 43 0,35 1985–1993 Йозеф Адамес 14 44 0,321960–1974
Көп матч ойнағандар
Ранг Футболшы Матч Гол АмплуаЖж 1. Зденек Нехода 90 31 Шб 1971–1987 2. Марьян Масны 75 18 Шб 1974–1982 Владислав Новак 75 1 Қр 1952–1966 4. Франтишек Планичка 73 0 Ққ 1926–1938 5. Карол Добиаш 67 6 Жқ 1967–1980 6. Йозеф Масопуст 63 10 Жқ 1954–1966 Иво Виктор 63 0 Ққ 1966–1977 8. Ян Поплухар 62 1 Қр1957–1967 9. Антонин Пуч 60 34 Шб 1926–1938 10. Антонин Паненка 59 17 ЖҚ 1973–1982
Тағы қараңыз Футболдан Чехия құрамасы Футболдан Словакия құрамасы
Санат:Чехословакия Ұлттық футбол құрамасы