1994 жылғы Футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы. 17 шілдеде Лос-Анжелестегі "Роуз Боул" стадионында өтіп, Бразилия мен Италия құрамалары күш сынасты. Матчта есеп ашылмай, Бразилия құрамасы пенальтилер арқылы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, төртінші рет әлем чемпионы атандыhttp://world-cups.ru/worldcup_1994_ft.php .
Матч
Фактілер Бірінші рет әлем чемпионы пенальтилер сериясы арқылы анықталды. Финалға дейін керемет ойнап, Италияның финалға шығуына ғаламат үлес қосқан Роберто Баджо матчтан кейінгі пенальтилер сериясында қақпаны көздей алмады. Екі құрама да бұған дейін үш реттен әлем чемпионы атанған болатын. Бразилия құрамасы әлемдегі тұңғыш тетракампеон атанды. Бразилия араға 24 жыл салып, чемпион атанды. Бір қызығы, 24 жыл бұрын да финалда Италияны ұтқан еді. Бразилия құрамасының тізімінде болашақ футбол жұлдызы Роналдо да бар еді. Бірақ ол чемпионатта бір рет те алаңға шықпады.
Протокол
GK 1 ТаффарелRB 2 Жоржиньо CB 13АлдаирCB 15Марсио СантосLB 6 БранкоCM 5 Мауро СилваCM 8 Дунга (c)AM 17Мазиньо AM 9 Зиньо CF 11РомариоCF 7 БебетоАлмасулар:DF 14Кафу FW 21Виола Бапкер:Карлос Альберто Паррейра GK 1 ПальюкаRB 8 Мусси CB 6 Барези (c)CB 5 МальдиниLB 3 БенарривоRM 14БертиCM 13Дино Баджо CM 11АльбертиниLM 16ДонадониCF 10Роберто БаджоCF 19МассароАлмасулар:DF 2 Аполлони MF 17Эвани Бапкер:Арриго Сакки
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Футболдан 1994 жылғы әлем біріншілігі Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:1994 жылғы футбол Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары