Табантал ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Табантал, Жайлаусай, Көптоғай ауылдары кіреді. Орталығы – Табантал ауылы.
Тарихы 1997 жылы Мағаджан ауылдық округі (орталығы Табантал а.) таратылып, Новороссийск ауылдық округіне (орталығы Новороссийское а.) қосылды.Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы 1999 жылы Новороссийск ауылдық округі мен Новороссийское ауылы Ақжар ауылдық округі және Ақжар ауылы болып өзгертілді.Хромтау ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының аттарын өзгерту туралы 2000 жылы Ақжар ауылдық округінен Табантал ауылдық округі болып қайта бөлініп шықты.Хромтау ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы 2019 жылы округ құрамында болған Бақай ауылы таратылды.Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қарғалы және Хромтау аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 540 адамды (276 ер адам және 264 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Хромтау ауданы ауылдық округтері