Қатпаған — Ұлы Жыланшық алабындағы тұзды тұйық көл.

Географиялық орны Жыланшықтүрме қыратының батыс бөлігінде, Қостанай облысы Амангелді ауданы, Қабырға ауылының оңтүстік-шығысында 41 км-дей жерде орналасқан. Солтүстігінде Аралтөбе, батысында Аралсор, оңтүстігінде Кіші Қатпаған, шығысында Кішкенесор көлдері бар.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 196 м биіктікте жатыр. Аумағы 5,3 км2, ұзындығы 3,3 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 9,9 км. Жаз айларында айданы тартылып, жағалауы батпақты сорға айналады. Қар және су асты суларымен толысады. Суы қарашанң аяғында қатып, наурыздың аяғында ериді. Жағалауында қамыс өскен.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Амангелді ауданы көлдері