Адай округі — 1928–1929 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Тарихы Округ 1928 жылдың 17 қаңтарында Адай уезін қайта құру кезінде құрылды.

1929 жылдың 10 сәуірінде округ таратылып, құрамына кірген территориялар Ақтөбе, Гурьев округтері мен Қарақалпақ АО-қа өткізілді.

Әкімшілік бөлінісі Округ орталығы - Ойыл ауылы. Округ 5 ауданға бөлінген: Алтықарасу ауданы. Орталығы — Алтықарасу мекені Маңғыстау ауданы. Орталығы — Форт-Александровский қаласы Ойыл ауданы. Орталығы — Ойыл ауылы Табын ауданы. Орталығы — Көкмешіт мекені Үстірт-Сам ауданы. Орталығы — Жарқұдық мекені

1928 жылдың 17 қыркүйегінен 1929 жылдың 1 қаңтарына дейін округ құрамына Гурьев округінен енген Жылыой ауданы (Орталығы Жылыой ауылы) кірді.

Әдебиет

Санат:Маңғыстау облысы Санат:Қазақстан тарихи облыстары Санат:Қазақ АКСР округтары