Дегерес — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Дегерес ауылдық округі орталығы.
Тарихы Ауылдың іргесі шамамен 1918 жылы қаланған.Тауы менен тасына тарих тұнған – Дегерес Бұл жерде бүкіл Кеңес Одағына танымал асыл тұқымды жылқы зауыты орналасқан. Ұлы Отан соғысы кезінде 1942 жылы Дегерестен 6000-ға жуық жылқы таңдалып майданға жіберілген. Алматы облыстық атқару комитеті Төралқасының 1994 жылғы 5 қарашадағы қаулысы бойынша ауыл аты Дегерес деп аталаған.Алматы облысының елді мекендер атаулары
Ауыл атының мағынасы Ғ.Қоңқашбаевтың Дегерес атауын монғол тіліндегі дзэргерес немесе дзэрлиг герес– «жабайы ешкі, тау ешкі, жирен» деген пікірін А.Әбдірахманов мақұлдаса, Е.Қойшыбаев атау түбірін түркі тілдеріндегі тегер – «айналма, айналым» деп қарайды да ес тұлғасын зат не құбылыстың сыны, қасиетін көрсететін өлі жұрнақ деп таниды. Э. М. Мурзаевтың байқауынша, эвенкі тілінде дигири – «шағын, аласа тау, жота». Ә. Нұрмағамбетовтың пікірінше, дегерес жер атауына негіз болған монғол сөзі дегүүр – «жоғары, үсті» болса керек. Бұл пікірлерді саралай отырып, дегер, дэгүүр, дигири сөздерінің түбірі дег деп білуге болады. Оған Текес, Қастек атауларындағы тек сөзі сәйкес келеді. Ал парсы тіліндегі тиг, тег– «тау шыңы, таудың ұшар басы», тәжік тіліндегі тег, тега – «тау жалы», «тау басы» сөздері де мағыналық әрі тұлғалық жағынан тым жақын. Атаудың екінші сыңарындағы ес сөзі түрік, монғол тілдерінде ертеде «су», «өзен» деген сөздер орнына қолданылған көне сөз. Бұл айтылған дәлелдер Дегерес өзенінің географиялық көрінісін дәл көрсетеді. Ал тау атауы дегерес осы өзен атынан аталған.
Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан батысқа қарай 60 шақырым жерде Дегерес тауының солтүстік баурайындағы боз, жусан, бетеге өскен қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14861559 1156 74,2 806 639 79,3 753 517 68,7
2016 жылғы мәлімет бойынша тұрғындар саны 1785 адамға жеткен. Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) елді мекендері