Қайрат — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Аса ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 83 км-дей жерде, Шелек өзенінің сол жағалауында, бұта аралас сұлыбас, бетеге, қылқанбоз, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен тау алдының қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты құрғақ даласында орналасқан.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен16561717 1822 106,1 849 913 107,5 868 909 104,7
Тарихы 1962–97 жылдары темекі өсіретін “Асы” кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылы Қайратта шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер
Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері