Құмар Іргебайұлы Ақсақалов (24 тамыз 1965, Ленинское ауылы, Қостанай облысы) — Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, 2022 жылдан бастап Қостанай облысының әкімі.

Білімі 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы 1987-1989 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды.

1989-1992 ж.ж. — Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы.

1992-1993 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi.

1993-1994 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры.

1994-1996 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары.

1996-1998 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi.

1998-2002 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi.

2002-2004 ж.ж. — Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi.

2004-2006 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.

2006-2010 ж.ж. — Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары.

2010-2015 ж.ж. — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2015-2017 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары.

2017 жылғы 14 наурыздан 2022 жылғы 30 қарашаға дейін — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды.Ақсақалов Құмар Іргебайұлы

Марапаттары 2011 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.

Дереккөздер

Санат:Солтүстік Қазақстан облысының әкімдері Санат:24 тамызда туғандар Санат:1965 жылы туғандар Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан экономистері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Меңдіқара ауданының әкімдері Санат:Таран ауданының әкімдері Санат:Қостанай облысының әкімдері