Григорий Владимирович Зверяко (05.12.1922 – 11.06.1997) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы.
Өмірбаяны 1922 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысып, негізінен қазақстандықтардан жасақталған 196-атқыштар дивизиясының құрамында Сталинград, Ленинград, Волхов, Балтық жағалауы майдандарындағы шайқастарда ерлік көрсетті.
Марапаттары Ерліктері үшін Г.Зверяко бір мәрте I-дәрежелі, екі мәрте II-дәрежелі "Отан соғысы" және III-дәрежелі "Даңқ" ордендерімен марапатталды.
Соғыстан кейін қазіргі Алға ауданы ішінде болған Ключевой аудандық ДОСААФ комитетінің төрағасы, 1952-1960 жылдары "Пролетарий" кеңшары директорының орынбасары, 1960-1975 жылдары Ақтөбе химия комбинатында аппаратшы болып істеді.Ақтөбе:Энциклопедия.- Ақтөбе,2001.- 748 бет
Дереккөздер
Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары Санат:Ақтөбе тұлғалары