Дәуіт шаян ( ) – бұл жыртқыш ауызаяқтылар шаянтәріздестерінің Oratosquilla тегі Squillidae тұқымдасы.

Атының этимологиясы Оның аты оның 1-інші жұп буынаяқтарын дәуіттің алдынғы аяқтарына ұқсатып ұстайтынына байланысты иеленді.

Сипаты Ұзындығы 20 см, массасы 200 г. Шаянтәріздестерге сәйкес, денесі қатты хитинді қабатпен қапталған. 5 жұп буынаяғы бар. Қысқыштары артқа қаратылған буыншалардан тұрады.

Шымшуыр ерекшеліктері Қысқыштарын тек өзін-өзі қорғау мен аң аулау мақсатында қолданады.

Сезу мүшелері Дәуіт шаяндарда екі тармақты, үлкен, фасеттік көздері бар. Көзінде 16 фоторецептор түрі бар(адамда 3-уі ғана бар). Оған қоса олар инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерді көре алады. Ғалымдардың зерттеулерін сәйкес олар қатерлі ісік жасушаларын да көре алады.

Ареалы Тынық мұхитының батыс бөлігінде, Тайвань және Рюкю аралдарынан солтүстіктегі Жапон теңізіне дейін кездеседі.

Тірлік жағдайы Судың астындағы 5-37 метрге дейінгі таяздықтарда өмір сүреді. Жыртқыш, аң аулаумен айналысады. Су түбінде өмірінің басым бөлігін өткізетін індер қазып, күн көреді. Тұйық әрі аггресивті жануар. Басқа шаянтәрізділерді, балықтарды, моллюскелерді, көпқылтанды кұрттарды аулап, коректенеді. Тек күндізгі уақытта белсенділік көрсетеді, түнде ұйықтайды. Көбею фазасы кезінде аталықтары ұрғашылары үшін өлімге дейін баратын сайыстар жүргізеді.

Экологиялық ахуалы Дәуіт шаян Ресейдің Қызыл кітабына еңгізілген.

Дереккөздер Oratosquilla oratoria (De Haan, 1844) Japanese squillid mantis shrimp

Санат:Шаянтәрізділер Санат:Буынаяқтылар