Қособа — Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы ауыл, Қособа ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабалық кентінен оңтүстікке қарай 73 км-дей жерде. Өлеңті өзенінің сол жағалық жазығында, бетеге, көкпек, еркекшөп өскен бозғылт қоңыр, сортаңды қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 841 адам (423 ер адам және 418 әйел адам) болса, 2009 жылы 351 адамды (170 ер адам және 181 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы 1961-97 жылдары «Қособа» қой өсіру кеңшарының орталығы болды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8. Іргесі 1929 жылы Қазақстанда алғашқы тәжірибе кеңшарын құруға байланысты қаланған. 1936 жылдан ауылдық кеңестің орталығы болып келді. 1997 жылдан кейін кеңшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылды."Қазақ энциклопедиясы", VI-том

Дереккөздер

Санат:Қарабалық ауданы елді мекендері