Тынышгүл Берікбайқызы Сұлтанбердиева (4 ақпан, 1955 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, «98-ші разъезд» ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы (1993 жылдан).

Толығырақ Тынышгүл Сұлтанбердиева 1955 жылы 4 ақпанда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, «98-ші разъезд» ауылында дүниеге келген. 1971 – 1974 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жанындағы театр студиясын бітіріп, драма артисі мамандығын алды. 1974 – 1976 жылдары С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театрында актриса болып еңбек етті. 1976 – 1978 жылдары Қазақтың мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында, 1978 – 1993 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етті. 1993 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы.

Шығармашылығы Тынышгүл Сұлтанбердиева отандық бірнеше телесериалдарға, көркем фильмдерге түскен. Ғ.Мүсірепов атындағы театрда: Иран-Ғайып «Желжуан» – Бәйек, Ш.Мұртаза «Жетім бұрыш» – Мүнира, Ш.Айманов «Желсіз түнде жарық ай» – Ана, Т.Нұрмағамбетов «Біз түріктерміз» – Сәния, О.Дастанов «Әзірет Сұлтан» – Ана, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Дәметкен, «Қыз Жібек» – Шәйін, «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» – Мақпал, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Мәдина, В.Шекспир «Ромео-Джульетта» – Королева, І.Жансүгіров «Исатай-Махамбет» – Фатима ханым, Ф.Шиллер «Махаббат пен ғадауат»– Миллердің жұбайы, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Мақпал, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Башорот, Б.Мұқай «Шындық детекторы» – Нұрия, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Мыстан кемпір, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Текті, және т.б көптеген бейнелерді сомдаған.

Марапаттары 2012 жылы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған. 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.

Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары