Дама Жаклин Уилсон (; 17 желтоқсан 1945) — ағылшын балалар жазушысы, көптеген марапаттар иесі. Оның шығармаларының көпшілігі ажырасу, бала асырап алу, балалар үйіндегі өмір, сатқындық тақырыптарына арналып жазылған.
Өмірбаяны Жаклин Аткин 1945 жылы Сомерсет графтығының орталығында дүниеге келген. Әкесі мемлекет қызметшісі болып жұмыс атқарған, ал анасы антикварлы дилер болған. Оның балалық шағы Кингстон-апон-Темсте өткен, алғашқы мектебі сондағы Лачмер болған. Өзінің 9 жасында Жаклин алғашқы 22 беттен тұратын «Құрттармен танысыңдар» шығармасын жазған.
Мектепті 16 жасында бітіргеннен кейін Уилсон Жаклин секретарлық жұмыстың курстарына барған, бірақ, жақын арада, ол мамандығын ауыстырып, қыздарға арналған «Jackie» журналына жұмысқа тұрған. Осының әсерінен ол Шотландияға көшуге мәжбүр болған. Шотландияда ол болашақ жұбайы Уильям Миллар Уилсонды кездестіреді. 1965 жылы үйленіп, екі жыл өткесін қызы Эмманы дүниеге әкеледі. Эмма да анасының жолын қуып жазушы болады.
1991 жылы танымалдық әкелген «Трейси Бикердің күнделігі» атты шығармасы шығады. Алайда, оның алдында 1960 жылдардан бастап 40-қа жуық балаларға арналған шығармасы болады. Осының желісі бойынша BBC каналынан «Трейси Бикер күнделігі» деген телесериал шығады.
Шығармалары Трейси Бикер 1991 Трейси Бикер күнделігі () 2000 Қатерлі ойындар () 2006 Рөлдерде - Трейси Бикер () 2009 Трейси Бикердің тесттер кітапшасы () 2010 Трейси Бикерден сұра () 2012 Трейси Бикер Трилогиясы ()
Хетти Фезер 2009 Хетти Фезер () 2011 Сапфирлі Баттерси () 2012 Зүбаржат жұлдыз () 2013 Гауһартас () 2015 Кішкентай жұлдыздар ()
Қыздар 1997 Махаббат іздеген қыздар () 1998 Сән қуған қыздар () 1999 Кешке дейін серуендегі қыздар () 2002 Қайғыдағы қыздар ()
Басқалары 1995 Егіздер () 1996 Бұзық қыздар () 1999 Безендірілген ана () 2000 Вики-Періште () 2001 Қонуға арналған кеш () 2001 Тауып алынған қыз () 2002 Құпиялар () 2003 Лола-Роза () 2004 Түн ортасы () 2004 Жан достар () 2004 Гауһар қыздар () 2005 Жаңа старт () 2005 Махаббат сабақтары () 2007 Жұлдызым менің! () 2009 Менің әпкем Джоди ()
Қызықты фактілер 2003 жылғы BBC-дің «Ең қызықты 200 кітап» тізімінде Жаклин Уилсонның 14 кітабы бар.
Санат:Ұлыбритания жазушылары