Михаил Васильевич Хван (20 мамыр 1931 жыл, Ресей, Хабаровск өлкесі – 13 тамыз, 1995, Алматы) – биология ғылымдарының докторы (1978), профессор (1986).
Өмірбаяны Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1959–1983) болған.
1984 жылдан өмірінің соңына дейін қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері
Ғылыми еңбектері протозоология және арахноэнтомология мәселелеріне арналған.
3 авторлық куәлігі бар.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:20 мамырда туғандар Санат:1931 жылы туғандар Санат:Хабаровск өлкесінде туғандар Санат:13 тамызда қайтыс болғандар Санат:1995 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары