Солтүстік округ (, ) — Израильдегі алты әкімшілік округінің бірі.

Оның аумағы 4638 км²-ді құрайды, құрлық ауданы — 4478 км². Голан шыңдарынсыз (1 154 км²) округ ауданы 3484 км²-ді (сонымен қатар құрылқ — 3324 км²) құрайды. Солтүстік округтің әкімшілік орталығы және ең ірі қаласы Назарет болып табылады.

1981 жылы қабылданған Голан шыңдары туралы заң бойынша, олар Солтүстік округтің бөлігі болып табылады.

Бұл шешім халықаралқ қауымдастықпен мойындалған жоқ — БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 497 резалюциясымен Голан шыңдарының аннексиясы жарамсыз деп танылған.

Демография

Пайыздық ара салмағы бойынша: Арабтар: 680 200 адам (53,17 %) Еврейлер: 567 700 адам (44,37 %) Басқалар: 31 300 адам (2,44 %) Дінге сенушілік бойынша: Яһудилер: 523 400 адам (44,2 %) Мұсылмандар: 443 800 адам (37,4 %) Друздар: 93 000 адам (7,8 %) Христиандар: 87 500 адам (7,4 %) Басқа: 35 400 адам (3,0 %)

Округтің адам тығыздығы 265 адам/км²-ге құрады.

Осылайша, Солтүстік округ — арабтар халық көпшілігін құрайтын жалғыз округ.

Әкімшілік бөлінісі Солтүстік округ келесі субокругтерге бөлінген: Цфат (98 000 адам) Кинерет (98 100 адам) Изреэль (430 400 адам) Акко (536 300 адам) Голан (39 800 адам)

Дереккөздер