thumb|Елтаңбасы Сургут — Ресейдегі қала, Түмен облысына қарасты Ханты-Манси автономдық округіндегі Сургут ауданының әкімшілік орталығы.
Қалада әлемдегі ең ірі жылу электр станцияларының бірі - ГРЭС-1 и ГРЭС-2 орналасқан. Халқы Қала халқының саны 348 643 адам (2016 жыл). Географиялық орны Географиялық координаталары: 61°41′солтүстік ендік , 73°26′ шығыс бойлық, және теңіз деңгейінен 250 метр биіктікте орналсқан.
Мәскеуден 2889 км алыс орналасқан. Қаланың ауданы - 353,97 км².
Климаты Климаты- континенталды. Қысы суық, ұзақ мерзімді- қазанның екінші жартысынан сәуірдің ортасына дейін. Қаңтар айының орташа температурасы — −20 °C. Шілде айының орташа температурасы— +18,2 °C.
Жылдық орташа көрсеткіштер: Жылдық орташа температура — 1,7 °C Жылдық орташа желдің жылдамдығы — 4,1 м/с Жылдық орташа ауаның ылғалдылығы - 76 %
Ұлттық құрамы Орыстар - 197 876 Украиндар - 18 327 Татарлар - 16 110 Башқұрттар - 5432 Әзербайжандар - 4286 Чуваштар - 2766 Лезгиндер - 2436 Беларустар - 2413 Молдовандар - 2141 Армяндар - 2118 Марилер - 1424 Немістер - 1292 Ноғайлар - 1126 Өзбектер - 1009 Тәжіктер - 1001
Білім Сургут қаласында 54 мектепке дейінгі оқу орны, 5 балабақша, 33 мектеп, 3 гимназия және 4 лицей бар.
Дереккөздер