Атамекен (2020 жылға дейін – Қожатоғай)Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бірлігін қайта атау туралы — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Монтайтас ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Арыс қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км-дей жерде орналасқан. Ауыл төңірегінде эфемероидті өсімдіктер аралас қоңырбас, өлең, т.б. өсімдіктер өседі.

Тарихы Монтайтас ауылдық кеңесі 1932 жылдың 21 наурызынан 1963 жылдың қаңтарына дейін Арыс ауданы құрамында, 1963 жылдың қаңтарынан 1965 жылдың қаңтарына дейін Ленин ауданының құрамында, 1965 жылдың қаңтарынан 1967 жылдың тамызына дейін Бөген ауданының құрамында, 1967 жылдың тамызынан 1989 жылдың қазанына дейін Ленин ауданының құрамында, 1989 жылдың қазанынан 1993 жылдың желтоқсанына дейін Арыс қаласының құрамында болды, 1994 жылдың 5 қаңтарынан бастап Монтайтас ауылдық округі болып құрылып, құрамына Ақтас, Бақырша, Қабылсай, Қожатоғай, №42-темір жол айрығы, Тоғансай, Шағыр елді мекендері енді. Негізгі айналысатын саласы – мал шаруашылы. Монтайтас ауылдық округі құрылғаннан кейін мал шаруашылығы қарқынды дамыды. Сол уақыттан бері Қожатоғай елді мекені деп аталып кеткен. Қожатоғай арқылы Орынбор – Ташкент темір жолы өтеді. Қожатоғай елді мекені облыстың және ауданның орталығымен темір жол арқылы да, тас жолмен де байланыс жасайды. Қожатоғай елді мекенінің жер көлемі – 1300,3 га. Халық саны – 1393 адам. Тұрғын үй саны – 205 үй. Білім беру мекемесі – 1 мектеп. Мектеп жанынан ашылған мектеп жасына дейінгі мекеме – 1 балабақша бар.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен211580 1022 176,2 285 514 180,4 295 508 172,2

Дереккөздер

Санат:Арыс қалалық әкімдігі елді мекендері