Кезеңбұлақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2012 жылы Қазығұрт ауылының құрамына енгізілген.Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданындағы Қазығұрт және Шарбұлақ ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы
Географиялық орны Аудан орталығы – Қазығұрт ауылының оңтүстік іргесінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 819 адам (411 ер адам және 408 әйел адам) болса, 2009 жылы 1039 адамды (544 ер адам және 495 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Қазығұрт ауданының таратылған елді мекендері