thumb|right|200px|Науру картасындағы Айво округінің орналасуы Айво () — Науру (әкімшілік бөлінуінің бірлігі) округі. Аралдың батыс бөлігінде орналасқан. Аумағы — 1,00 км², халқы — 1 092 адам (2005). Кейде, Айвоны Наурудың бейресми астанасы деп атайды, бірақ елдің ресми астанасы жоқ, ал бейресми астанасы ретінде жиі Ярен қаласы аталады.

Айво округінде Науру өнеркәсібінің басым бөлігі орналасқан. Айво желекжолы; Жаңа қайық порты; Чайнатаун; O’dn Aiwo Hotel отелі (Наурудағы екі отельдің бірі, жеке меншік болып табылады); Электр стансасы; жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері; Наурудың фосфат корпорациясы.

Айво округінен Науру парламентіне екі депутат сайланады.

Санат:Науру округтері