Луис Энрике Мартинес Гарсия (исп. Luis Enrique Martínez García; 8 мамыр 1970, Хихон, Астурия, Испания)— испаниялық футболшы және Пари Сен-Жермен футбол клубының бапкері. Испания Ұлттық футбол құрамасы мен "Барселона", "Рома", "Сельта" клубтарынның экс-бапкері.

1994, 1998, 2002 жылдары әлем чемпионатына қатысты.

Мансабы "Реалда" да, "Барселонада" да ойнаған санаулы футболшылардың бірі. 2004 жылы "Барселона" сапында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.

Бапкерлік карьерасын 2008 жылы "Барселона Б" клубын жаттықтырудан бастады. Кейін "Рома" мен "Сельтаны" жаттықтырды да, 2014 жылы мамыр айында "Барселонаның" тізгінін ұстады. Каталондық клубты жаттықтырған төрт маусымда мүмкін болған жүлденің бәріне қол жеткізді (Чемпиондар Лигасы-2015, УЕФА Суперкубогы-2015, Клубтар әлем чемпионаты-2015, Испания чемпиондығы, Испания кубогы, Испания суперкубогы)

thumb|left|250px|Луис Энрике УЕФА Суперкубогын көтерген сәт, 2015 жыл 2017 жылы мамыр айында каталондық клубтың бапкерлігінен босады. 2018 жылы шілдеде Әлем чемпионатынан кейін Ұлттық құраманың тізгінін ұстады. 2019 жылдың қараша айында Луис Энрике төрт ай бұрын жеке себептермен қызметінен кеткеннен кейін ұлттық құрамаға қайта оралды. Қайта оралғаннан кейін баспасөзге сұхбат берген Луис Энрике алты жыл бойы бірге жұмыс істеген досы және әріптесі Роберт Мореноны — оның қызметінен кеткеннен кейін ұлттық құраманы басқарған — «адалдық танытпады» және уақытша бас бапкер лауазымында қалғысы келді деп ашулы түрде айыптады.

Луис Энрике Еуро-2020 турниріне 26 ойыншыға рұқсат етілгеніне қарамастан, 24 ойыншыдан тұратын құрама таңдаған кезде және оның құрамына Реал Мадрид командасының бірде-бір ойыншысы кірмегенде, оған «Мадридке қарсы көзқарасы бар» деп айып тағылды. Дегенмен, ол Испанияны турнирдің жартылай финалына дейін алып барды. Онда олар 1:1 есебімен тең ойнап, Италияға пенальти сериясында жеңілді.

2022 жылғы әлем чемпионатында Луис Энрике басқарған команда 1/8 финалда Мароккоға қарсы пенальти сериясында (3:0) жеңіліп, жарыстан шығып қалды. Осы нәтиженің салдарынан ол қызметінен кетті.

2023 жылдың 5 шілдесінде Луис Энрике ресми түрде Лига 1 клубы Пари Сен-Жерменнің бас бапкері болып тағайындалды. Луис Энрике екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Ол өзінің алғашқы маусымында ішкі турнирлердің барлығын жеңіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына да шықты.

Бапкерлік статистика 2018 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КомандаЕлЖұмыс басыЖұмыс аяғыНәтижелеріОйынҰттыТеңҰтылдыПайыз %Рома8 мамыр 201110 маусым 2012401781542.50Сельта8 маусым 201316 Мамыр 2014401571837.50Барселона19 мамыр 2014мамыр 2018180137222176.11Барлығы226144334963.71 Жетістіктері Ойыншы ретінде Реал Мадрид • Испания чемпионы: 1994/95 • Испания Кубогының иегері: 1992/93 • Испания Суперкубогының иегері: 1993 • Жалпы: 3 трофей Барселона • Испания чемпионы (2): 1997/98, 1998/99 • Испания Кубогының иегері (2): 1996/97, 1997/98 • Испания Суперкубогының иегері: 1996 • УЕФА кубок кубок иегері: 1996/97 • УЕФА Суперкубок иегері: 1997 • Жалпы: 7 трофей

Испания ұлттық құрамасы

• Олимпиада чемпионы: 1992 • Жалпы: 1 трофей Жеке Испания Үздік жас жыл футболисті «Don Balon» версиясы бойынша: 1990/91 Испания Үздік жас жыл футболисті «El Pais» версиясы бойынша: 1990/91 Испания Үздік жас жыл футболисті «El Pais» газетінің версиясы бойынша: 1997/98 ФИФА 100 мүшесі

Бапкер ретінде Барселона

Испания Чемпионы (2): 2014/15, 2015/16 Испания кубогының иегері (2): 2014/15, 2015/16 Испания Суперкубок иегері: 2016 УЕФА чемриондар Лигасының жеңімпазы: 2014/15 Уефа Суперкубогының иегері: 2015 Әлемдік клубтық чемпионаты жеңімпазы: 2015 Жалпы : 8 трофей

Жеке Жыл бапкері ФИФА: 2015

Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Испания футбол жаттықтырушылары Санат:Рома ФК жаттықтырушылары Санат:Сельта ФК жаттықтырушылары Санат:Барселона ФК жаттықтырушылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Испания Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары