Нарын өзені (, ) — Қырғызстан және Өзбекстанның жерімен ағатын өзен. Қарадария өзенімен қосылған соң Сырдария өзеніне айналады.

Географиялық мәліметтер Нарынның ұзындығы – 807 км, су алабының ауданы 59 900 км². Орталық Тәңір тауы мұздықтарынан бастау алатын Үлкен Нарын мен Кіші Нарын өзендерінің қосылуынан пайда болады. Тау аралық аңғарда, кейде тар шатқалдарда ағады. Сағадағы орташа су шығыны – 480 м³/с, максималды шығыны – 2820 м³/с, қалқыма тұнымдары – 760 кг/с. Мұздық-қарлармен қоректенеді. Суы мамырдан тамызға дейінгі аралықта тасиды. Максималды ағын маусым-шілде айларында болады. Бастауы қатып қалады. Судың минералдануы 200-500 мг/л, сағасына қарай, әсіресе саба кезде көбейеді. Өзеннің бастауында ауданы 91023,5 га болатын Нарын мемлекеттік табиғи қорығы орналасқан.

Нарында көптеген салалар бар. Олардың ең ірісі: (оң) Көкемерен, Қарасу, Ұзынақмат, Шыжқан, Онарша, Төркен, Қажырты, (сол) Атбасы, Алабұға, Көкйірім, Қарасу.

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Қырғызстан өзендері Санат:Өзбекстан өзендері