Османлы империясынің садрағзамы () — Османлы империясы дуанының басшысы, Османлы сұлтанның абсолютті өкілі, мемлекетте сұлтаннан кейінгі екінші беделгі тұлға. ҰОМ-нің мөрі садрағзамда болған-ды. Садрағзам мемлекеттік мәселелерді шешу үшін басқа уәзірлерді жинауға құқылы болды. Османлы сұлтандарының резиденциясы Топқапыда орналасқан кезде, садрағзамдардың да кеңселері сол сарайдың аймағында орналасқан Ұлы Қақпа () атты ғимаратта болды. Ал дуан кеңесі Күмбезасты () ғимаратында өткізіліп отырды. Садрағзамға қатысты келесі атақтар қолданылды: "ұлы уәзір" (), "ұлы садр" (), "абсолютті өкіл" (), "мемлекет сақшысы" (), "жомарт сардар" (), "ұлы сардар" (). Бастапқы кезеңде бұл лауазымға қатысты тек "уәзір" деген атақ қолданды. Ал "ұлы уәзір" атағын алғашқы рет Шандарлы Қара Халил Қайыреддин паша иеленді. Бұл атақ бас уәзірді басқа уәзірлерден ажырату үшін ойлап табылды.

1320 жылдан бастап садрағзамдар сұлтандардың кейбір міндеттерін атқара бастады: сұлтан қазынасына қатысты бұйрық беруге құқылы болды, дуанның әр мүшесін орнынан босата алды және әр саланы бақылауға құқылы болды. Сұлтан мемлекеттің жоғарғы билеушісі болса да, атқарушы билікті садрағзамдар басқарды.

Көпрүлі дәуірі (1656-1710 жж.) кезінде сұлтандар тәжірибесіз болғандықтан, садрағзамдардың өкілеттіліктері артты. Бұл заманда садрағзамдар және басқа уәзірлер, көбінесе, Көпрүлі әулетінен болды. Заманның атауы соған байланысты.

Танзимат дәуірінен бастар садрағзамдар Османлы империясындегі беделі еуропалық премьер-министрлердің Еуропа елдеріндегі беделімен теңдес болды.

Садрағзамдар тізімі