Жаныс кесенесі – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші тізіміне енген, ХІХ ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Ырғыз ауданы, Құ­ры­лыс ауы­лы­нан ба­тыс-оң­тү­стік-ба­тыс­қа қа­рай 2,6 км жерде.

Кесене сипаты Қабырғасының төменгі бөлігі 8 қырлы, жоғарғы бөлігі сағанаға ұқсас 8 және 41 қырлы барабан шеңбері түрінде қаланған. Күмбезі пирамида тәріздес сатылап қаланып аяқталған. Қабырғалары күйдірілген саз балшық араластырылып өрілген. Жаныс кесенесі Әлімнің төртқара руының биі Жаныс көзі тірісінде халық шебері Мейірбекке салдырған.Ақтөбе: энциклопедия. - Ақтөбе, 2001. - 748 бет

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Ақтөбе облысы сәулеті Санат:Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері