Рош-гашан - (еврейше - жаңа-жыл) қыркүйектің басында аталып өтетін иудейлік діни мейрам. Ертеде, Таураттың айтуынша Рош-гашан мейрамы жеміс-жидек жинауды аяқтаумен байланысты болды және Ай рухының құрметіне керней үнімен аталып өтті. Кейіннен раввиндер келе жатқан бүкіл жыл ішінде болатын адамдардың жақсылықтары, сәттіліктері мен денсаулығы Рош-гашан кезінде құдайға құлшылық етуге байланысты болады-мыс дейтін ырымшылдық түсініктермен байланыстырылды. Иудаизмдер Рош-гашан мейрамы кезінде йом- куппурды қосқанда 10 күн құдайға жалбарынып, тілек тілеуі керек. Бұл күндері Яхве адамдардың іс-әрекетін тексеріп, әрбір адамның келер жылдағы тағдыры туралы өзінің шешімін әзірлейді-міс. Иудейлік клерикалдар дінге сенушілер арасында өзінің ықпалын күшейту үшін Рош-гашанды "қорқынышты күндерге" толы йом-киппур деп те атады, оған элул айы август бойы ораза ұстап, табынып, қой мүйізінен жасалған шофара кернейден күңірінген дыбыс шығарып және т.с.с. жасап дайындалу керек.

Дереккөздер Д. Мадеев, Е. Сапуанов «Атеистің қалта сөздігі» Алматы «Қазақстан» 1988 жыл, 288 бет “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998