Нұрмахан Жанаш Нұрмаханұлы - ҚазССР еңбегі сіңген ұстаз, КСРО Халық ағарту ісінің үздігі, Жылыой ауданының Құрметті азаматы, Атырау облысының Құрмет кітабына есімі еңгізілген Құрметті азамат, ҚР Жазушылар одағының сыйлық иегері, 10 кітаптың авторы.1922 жылы 4 сәуірде Гурьев облысы, Жылыой ауданы, Жем ауылдық округі, Айранкөл жерінде, шаруа отбасында дүниеге келген. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында тұрған. Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер болған. 2013 жылдың 18 наурызында өмірден өткен.

Өмірбаяны Жанаш - аудандағы алғашқы орта білімді адам. Гурьевтегі Жамбыл атындағы орта мектептің 2 - жылғы түлегі. Абай атындағы КазПИ-ді қазақ әдебиеті мен қазақ тілі мамандығы бойынша бітірген. 1937-1992 жылдары мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, Кеңес армиясы қатарында аупарткомда қызмет атқарған. Шығармашылықпен 1937 жылдан бері айналысқан. 900-дей мақалалары Республикалық, облыстық, аудандық баспасөз беттерінде жарияланды. Республикалық, облыстық, аудандық ақындар айтысына, ғылыми конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының, аудандық, облыстық өнер байқауларының лауреатының иегері атанған. 8-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығын жазуға қатысқан. «Байбақты Ата», «Жылыойдан ұшып самғаған», «Орта мектепте лириканы оқыту», «Үлгі», «Өнеге - ұлылық бастауы», «Үлкеннен қалған үлгі сөз», «Қазақтың 5000 ақын - жырауы» кітаптарының авторы болған. Далабай Жазықбаев туралы жазған. «Сулика» сазымен айтылатын әні майдан окоптарында айтылған. Отан соғысынан оралмағандарға арналған ескерткіш орнату барысында көп еңбек сіңірген. 1957 - 1959 жылдары «Қазақстан» колхозында өз бастамасымен көп тиражды «Озат» газетін шығарып, редактор болған.

Марапаттары Орден, медальдармен марапатталған. Қазақ КСР, КСРО ағарту ісінің үздігі, Республикаға еңбек сіңірген мұғалім болған. Жылой ауданының Құрметті азаматы болған.

Дереккөздер