Андриан Блаау- Нидерландық физик және астроном.
Өмірбаяны 1914 жылы Амстердамда туып, 1938 жылы Лейден университетін аяқтады. 1938-1945 жылдар аралығында Я. К. Каптейн атындағы Гронинген университетініӊ астрономиялық лабораториясында, 1945-1948 жылдары Лейден обсерваториясында жұмыс жасап, 1948-1953 жылдары Лейден университетінде астрономиядан білім берді. 1953-1957 жылдары Чикаго университетінде және Америка Құрама Штаттарындағы Йерк обсерваториясында қызмет атқарды. 1958-1968 жылдары Каптейн атындағы астрономиялық лабораторияның директоры қызметін атқарды. Ал 1968-1970 жылдары Гронинген университетінің профессоры және 1970-1974 жылдары Еуропалық оңтүстік обсерваторияның бас директоры болды.
Ғылым Негізгі еңбектері жұлдыздарды, соның ішінде айнымалы жұлдыздарды зерттеуге бағытталған. Сонымен қатар Андриан Блаау жұлдыздар шоғырының басты характеристикаларын, галактикалардың жасын, кинематикалық ерекшеліктерін, химиялық құрамын зерттеумен айналысқан. 1948 жылы американдық астроном Отто Струвемен біріге отырып, блажко әсерінің толық циклі кезіндегі RR Лира айнымалысының спектральді өзгерісін егжей-тегжейлі зерттеді. 1953 жылы әріптестерімен бірге β Цефей типіндегі айнымалылардың кезеңдері мен жарықтылығы арасында белгілі бір байланыс орнатты. 1952-1956 жылдары Андриан Блаау О ассоциасиясы қатарындағы жұлдыздардың тұрақсыздық пен ыдырау кезіндегі әрекеттерін зерттеді.
Марапаттары мен атақтары • Француз астрономиялық қоғамының Жюль Жанссен атындағы сыйлығы (1978). • Кэтрин Брюс медалі (1989).
Санат:Астрономдар Санат:Алфавит бойынша ғалымдар