Шұбарқұдық кәсіпшілігі — Ақтөбе облысы Темір ауданындағы ауыл, Жақсымай ауылдық округі орталығы.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1703 адам (845 ер адам және 858 әйел адам) болса, 2009 жылы 1813 адамды (913 ер адам және 898 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1703 адамды (868 ер адам және 835 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Транспорты Елді мекен арқылы Ақтөбе-Қандыағаш-Шұбарқұдық-Кенжәлі-Қарауылкелді-Сағыз-Атырау тас жолы өтеді.

Географиялық орны Аудан орталығы - Шұбарқұдық кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 9,7 км жерде орналасқан.

Инфақұрылымы Орта мектеп, амбулатория, дүкендер, клуб және басқа да салалар бар.

Дереккөздер

Санат:Темір ауданы елді мекендері