нобай|333x333 нүкте|ASUS Eee Box нобай|250x250 нүкте|Zonbu Mini PC Неттоп () — мөлшері шағын үстел дербес компьютері. "Неттоп" деген сөз "InterNET" және "deskTOP" сөздерінен құралған.

Терминнің пайда болуы Неттоп термині (десктопқа ұқсас — үстел үсті компьютері) Intel компаниясымен Atom процессоры анонсы кезінде ұсынылды, бұл компанияның ұғымында, осы процессор неттоптарды құруда негізгі база болуы тиіс. Неттоп — бұл миниатюралық желілік ноутбуктер нетбуктың () стационарлық аналогы.

Неттоптардың типтік мысалы ретінде, нарықта қолжетімді ASUS Eee Box, Acer және Crystal station AspireRevo — NVIDIA Ion чипсеті және Intel Atom процессоры комбинациясын келтіруге болады .

Типтік сипаттамалары Неттоптардың негізі ретінде, төмен қуатты тұтынатын микроархитектуралы процессорлар қолданылады, олар энергия үнемдеуді ұсынады. Әдетте, бұл Intel Atom, Intel Celeron, VIA Nano және VIA C7 CPU желісі. Сондай-ақ, Intel Core 2 Duo шешімі бар, әрі соңғылары тыныштық режимінде үнемділік бойынша Intel Atom процессорларынан кем түспейді, ал қажет болған кезде, қысқа мерзімді энергия тұтыну бағасын арттыру арқылы әлдеқайда үлкен өнімділік бередіТест үнемді жүйелер: Core 2 Duo жасады Atom тиімділігі бойынша — Tom ' s Hardware Guide . Орталық процессор: 1,2—2,1 ГГц, бірядролы немесе екі ядролы ОЖЖ 2-4 Гб DDR3 Қатты диск 80-500 Гб Біріктірілген бейне- және дыбыстық карта. DVD-жетек USB 2.0, 3.0, LAN 10/100/1000 Мб/с порттары WiFi, Bluetooth нобай|118x118 нүкте|Arbyte Nettop

Қазіргі күнгі неттоптар Бұл күндері неттоптар тек Intel Atom жапсарлас процессорларымен ғана болмайды. Неттоптар үшін аналық платаларын өндірушілер сатып алушыларға өздері процессор таңдауға мүмкіндік береді. Intel Core i3/i5/i7 процессорлар сериясы орнатуға мүмкіндігіңіз бар. Сондай-ақ, қосарналы жедел жад DDR3  қолдайтын неттоптар бар, дискретті бейнекарталар үшін өрістері бар, белсенді және пассивті салқындатумен, гигабитті желілік карталармен келеді. Неттоптар үй серверлері ретінде анағұрлым танымал.

Ескертпелер

Сондай-ақ, Нетбук Fit-PC2 LXBOX NVIDIA ION

Сілтемелер - Мақала: Неттоптар — ертеңге қадам немесе қарқынды дамып келе жатқан нарық сегменті Нетбуктер және неттоптар: бірінші жетістіктері мен болашағы Барлығы неттоптар туралы Неттоптарға арналған портал