II Әбділмәжит (, ; 29 мамыр 1868, Долмабахче сарайы, Ыстанбұл — 23 тамыз 1944, Париж) — Осман империясының 32-ші сұлтаны Әбділғазиздың алты ұлының бірі және 1922—1924 жылдары басқарған 102-ші, яғни соңғы ислам халифасы; 1926 жылдың 16 мамырынан 1944 жылдың 23 тамызы аралығында — Османлы әулетінің отағасы, суретші һәм музыкант.

Немере ағасы Мехмет Уәхидеддін тақтан безіп, елден қашып кеткен соң, Осман империясының халифаты сұлтандықтан бөлініп, сұлтан билігі жойылды. 1922 жылдың 18 қарашасында Ұлы ұлттық мәжілісінің шешімі бойынша, халифа лауазымына Әбділмәжит тағайындалды. Ол «мұсылман үмметтінің халифасы» () атағын 1924 жылдың 3 наурызына дейін, Османлы халифатын ресми түрде аяқтаған № 431 Заң қабылданғанға дейін иеленді. Түркия һәм дүниежүзілік тарихқа Әбділмәжит соңғы османлы халифасы () ретінде кірді.

Өмірбаяны II Әбділмәжит 1868 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны Әбділғазиз шаңырағында дүниеге келді. Немере ағасы VI Мехмет тұсында Әбділмәжит таққа үміткер мұрагер болды.

1922 жылдың 17 қарашасында сұлтандық жойылып, VI Мехмет елден қашып кеткендіктен, халиф атағынан айырылады. Сөйтіп 1922 жылдың 18 қарашасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі II Әбділмәжитті халиф етіп тағайындайды. Әбділмәжит тек дінбасы ретінде ғана саналып, мүлдем саясатқа кіріспеді.

Түркия 1924 жылдың 3 наурызында халифатты жою және Османлы әулетінің мүшелерін елден қуу жайлы заңды қабылдайды. Сондықтан II Әбділмәжит Түркияны тастап кетуге мәжбүр болды. Ажалына дейін Османлы әулетінің басшысы болып есептелді. Кейін Францияда өмір сүріп, 1944 жылы Парижде қайтыс болады. Мединедегі Бақи Жәннәт зиратында жерленді.

Суреттері

Дереккөздер Фрили Дж. Османлы әулетінің құпиялары. Сұлтандардың жеке өмірі / Ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған. — Смоленск, 2004. — ISBN 5-8138-0504-4.

Санат:Османлы империясының сұлтандары