Қызыл балық (2022 ж. дейін — Атырау)Атырау облысы Атырау қаласы Атырау ауылдық округінің Атырау ауылын қайта атау туралы — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Атырау ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы – Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2347 адам (1180 ер адам және 1167 әйел адам) болса, 2009 жылы 2202 адамды (1184 ер адам және 1018 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3180 адамды (1567 ер адам және 1613 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әлеуметтік және мәдени нысандары Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп — 1916 жылы Герасимовка батағасында қазіргі Ақаралдың маңында екі кластық қазақ, орыс мектебі ашылған. Ол Манаш, Маслинск, Вакуров, Үлбішін, Березка батағалары тұрғындарын қамтыған. Мектептің басшысы Нәубетов Қамидолла болды. Кейін бұл мектеп орнына 1925 жылы Манаш бастауыш мектебі құрылған. 1935-1936 жылдары орталау мектепке айналған, ал 1939-1940 жылдары А.А.Андреев атағын иемденіп, 1940 жылы орта мектеп болған. 1942 жылы соғыс жағдайына байланысты орталау, ал 1954 жылы қайта орта мектеп болды. 1956-1957 жылы «Қызыл балық» колхозының көшіп, Жайық бойына келуіне байланысты мектеп «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы орта мектеп атауын алды. Ауыл тұрғындарының тілегіне орай, 1992 жылы мектеп түлегі, қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынова есімі берілді.Мектеп тарихы «Аққайың» бөбекжай-балабақшасы

Діни ұйымдар Атырау ауылдық мешіті

Ауыл суреттері Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп Қызылбалық ауылы Қызылбалық ауылы солға|200px| солға|200px| солға|200px|

Елді мекен көшелері Абай көшесі Айбек Салин көшесі (№10 көше) Алматы көшесі Бәдел Қошкелдиев (Набережная) көшесі Жәлел Иманғалиев көшесі (№7 көше) Золотенок көшесі Ибатолла Шекенов көшесі (№1 көше) Күләш Байсейітова көшесі Қадірәлі Балманов көшесі Қисмет Көшәлиев көшесі Қисмет Мәсәлімов көшесі (№2 көше) Қуанәлі Құрмашев көшесі Қыдырбай Ищанов көшесі Нәби Әбілғазиев көшесі (№8 көше) Тарих Құмаров көшесі (№9 көше) Фазыл Дахиев көшесі (№5 көше) Ферма көшесі Тағай Жұмашұлы көшесі (№20 көше)

Дереккөздер

Санат:Атырау қалалық әкімдігі елді мекендері