Ақсай (1993 ж. дейін — ЛенинградскоеОб упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан) — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Қайыршақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрынғы Ақсай ауылдық округінің орталығы.

Тарихы 1964 жылы жоғары оқу орындарының, оның ішінде ленинградтық студенттерден құралған құрылыс отрядтары Гурьев қаласынан Махамбетке апаратын тас жол бойында, құс фабрикасы мен осы кәсіпорын жұмысшыларына арналған үйлер салды. Олардың құрметіне бұл елді мекен Ленинградский деп аталды. 1993 жылғы 7 қазанда Ленинградское ауылы Ақсай ауылы болып өзгертілді.http://www.atyrau-city.kz/index.php?uid=division&l=r&sl=1&rn=22#main-container

Географиялық орны Атырау қаласынан солтүстікке қарай 7 км-дей жерде.Топонимика Казахстана. Издательство "Аруана" Алматы,2010 Бұрынғы атаулары Ленинградское, Птицефабрика (1993 ж.дейін)

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1147 адам (562 ер адам және 585 әйел адам) болса, 2009 жылы 1671 адамды (829 ер адам және 842 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 4444 адамды (2176 ер адам және 2268 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әлеуметтік және мәдени нысандары №25 Б.Момышұлы атындағы орта мектеп Дәрігерлік амбулаторияhttps://atyrautv.kz/kz/news/society/derigerlik-ambulatoriya-ashyldy-3 "Ақсай" ауылдық клубыhttps://biznesinfo.kz/usefullinks/page/atyrau-zhane-atyrau-oblysynyn-madeniet-uyleri-men-klubtary--meken-zhayy--telefondary--paydalanu-tartib

Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктер Ауылда көптеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс жасайды. Олар: геологиялық барлаулар мен ізденулер, тұрғын үй ғимараттарының құрылысы, бөлшек саудада сату, жүк автомобиль көлігінің қызметі, бетон, цемент, және осыларға ұқсас материалдардан жасалған бұйымдарды көтерме саудада сату, құрылыс-монтаж жұмыстары, фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату т.б. бағыттарда қызмет көрсетеді.

Ауыл суреттері Ақсай ауылы Ақсай ауылы орта|300px| орта|300px|

Елді мекендегі көшелер Ақжайық көшесі Ақбалықсай көшесі Атырау көшесі Достық көшесі Жібек жолы көшесі Исатай Тайманов көшесі Қазақстан көшесі Құрманғазы көшесі

Дереккөздер

Санат:Атырау қалалық әкімдігі елді мекендері